АХУ имени А. Селезнёва

Жаңалықтар

27 ақпанда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде түрік әртісі Сюмер Эзгюдің концерті өтті.

 

Концерт бағдарламасында вокалдық шығармалар, бағлама мен домбыра аспаптарында ән-күйлер орындалды. Әртіс музыкалық шеберлік сыныбын өткізіп, оқушыларымызды түрік халқының «Халық музыкасымен» таныстырды.

 

Іс-шараға Алматы қаласындағы «ТҮРКСОЙ» ұйымының басшысы Қайрат Мұқанов пен Түркияның Алматы қаласындағы Бас консулы Эврен Мудеррисоглу қатысты.

 

Көрермендер бізді терең тарихи тамырларымызбен байланыстыратын түрік халқының халық музыкасы мен әндерін тамашалады.

 

Мұндай іс-шаралар бауырлас халықтарымызды одан әрі жақындастырып, мәдени және рухани байланыстарымыз бен осы бағыттардағы ынтымақтастығымызды нығайта түседі.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Серіктестер

Біздің мекен-жайымыз