Заң мен жасөспірім

2026 жылдың 17 ақпанында Александр Селезнев атындағы Алматы Хореографиялық училищесінде «Заң мен жасөспірім» тақырыбында 1-3 курс студенттерімен кездесу өткізілді.Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы буллинг және кибербуллинг, топтық төбелестер, ғаламтор алаяқтары, түнгі уақытта қоғамдық тыныштықты бұзу, сондай-ақ жастар арасында есірткіні заңсыз тарату мәселелері туралы мәліметтер берілді.

Аталған кездесуді Алматы қаласы Алмалы ауданы Жергілікті полиция қызмет бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Бейбіт Маржан Құрманғазықызы және Алмалы ауданы ПБ ЖПҚБ ОТ 33 ҚБ-нің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Бауыржанқызы Нұрсұлу жүргізді.

Бұл кездесудің басты мақсаты-студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру, заңға қайшы әрекеттерін салдары туралы ескеру және жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Сондай-ақ,есірткіні заңсыз тарату және зорлық зомбылыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Автор:
Администратор Sova.LLC
редактор
Страница создана
17.02.2026
Дата обновления:
30.03.2026