Тіл - достықтың дәнекері

2026 жылғы 4–7 қыркүйек аралығында Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде Қазақстан халқының тілдері күніне арналған іс-шаралар өтті.

Бағдарлама аясында Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйінде дөңгелек үстел, «Мен - полиглотпын» тілдік сайысы, «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында дебат және жасанды интеллект технологияларын қолдану арқылы «Төрт тіл - бірлік тілі» іс-шарасы ұйымдастырылды.

Бағдарлама «Тілім - менің ғасырларға аманат» атты танымдық кездесумен қорытындыланды. Училище кітапханасында білім алушылар көрнекті ағартушы, қазақ тіл білімінің негізін қалаушы Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерімен танысты.

Өткізілген іс-шаралар білім алушылардың тілдерге, кітап оқуға және ұлттық мәдени мұраға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Автор:
Администратор Sova.LLC
редактор
Страница создана
11.09.2026
Дата обновления:
11.09.2026