Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің
«Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны концертмейстер бос лауазым бойынша орналасуға конкурс жариялайды
Лауазымдық міндеттері:
жалпы, арнайы және бейіндік пәндер оқытушыларымен бірлесіп тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар әзірлейді, білім алушылармен жеке және топтық сабақтар өткізеді;
білім алушылардың орындаушылық дағдыларын қалыптастырады, ансамбльдік ойын дағдыларын дамытады, олардың көркемдік талғамын дамытуға, музыкалық-бейнелі түсініктерін кеңейтуге және шығармашылық даралығын тәрбиелеуге ықпал етеді;
жеке және концерттік жұмыста вокалистерді немесе аспапшыларды сүйемелдейді;
музыканы таңдайды және емтихан сабақтарының музыкалық материалын жасайды;
сабақтарда, емтихандарда, сынақтарда, концерттерде (спектакльдерде), көрсетілімдерде (спорттық, көркем гимнастика, мәнерлеп сырғанау, жүзу бойынша спорттық жарыстарда) музыкалық материалдардың кәсіби орындалуын қамтамасыз етеді;
парақтан оқиды, музыкалық шығармаларды тасымалдайды, музыкалық материалды, соның ішінде қойылымдарды өңдеумен және аранжирлеумен айналысады;
тақырыптық жоспарларды, білім беру бағдарламаларын (жалпы, арнайы, бейіндеуші пәндер), оқу-әдістемелік құралдарды әзірлеуге қатысады;
білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын сақтайды.
Білуге тиіс:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беру мәселелері жөніндегі өзге де нормативтік құқықтық актілерді;
педагогика және жас психологиясы негіздерін;
сабақтар мен репетицияларды өткізу әдістемесін;
педагогикалық этиканың нормаларын;
импровизация негіздерін;
оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың жалпы және жеке әдістерін, әртүрлі дәуірлердегі, стильдегі және жанрдағы шығармалардың музыкалық фрагменттерін құрастыруды, оларды редакциялау және түсіндіру дәстүрлерін, білім алушылардың жеке физикалық деректерін ескере отырып, қозғалыстардың жекелеген элементтеріне музыканы таңдауды;
еңбек заңнамасының негіздерін, еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өртке қарсы қорғау қағидаларын, санитариялық қағидалар мен нормаларды.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе бейіні бойынша өзге де кәсіптік білім немесе техникалық және кәсіптік білім (музыкалық) немесе жұмыс өтіліне талап қойылмай, педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат;
және (немесе) біліктілігінің орта немесе жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 3 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 4 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 5 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 6 жыл.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде мынадай құжаттарды ұсынады:
осы Қағидаларға 3-қосымшаға* сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен* бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Жамбыл көшесі, 101 мекенжайы бойынша қабылданады.
Толық ақпаратты +7 (727) 2784264 телефоны бойынша алуға болады.
Электронды пошта: ballet-kz@mail.ru
*Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 бұйрығы.
*Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығы.