Ашық сабақ: «Күй анасы – Дина»
Сабақтың мақсаты:
Қазақтың ұлы күйші композиторы – Дина Нұрпейісованың өмірі мен шығармашылығын таныстыру.
Күй өнерінің маңызын түсіндіру.
Оқушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Ұлы күйші, композитор, қазақтың күй өнерінің көрнекті өкілі Дина Нұрпейісованың 165 жылдығына арналған ашық сабақ жоғары деңгейде өтті. Ашық сабақ барысында біз оның өмір жолы, шығармашылығы және қазақ мәдениетіне қосқан зор үлесі туралы таныстық. Күйлерінің мазмұны арқылы халықтың тұрмысы, қуанышы мен мұңы бейнеленетінін түсіндік. Сонымен қатар, күйлері орындалып, қатысушылар рухани әсер алып, ерекше атмосфераға бөленді. Дина Нұрпейісованың өнері — кейінгі ұрпаққа үлкен рухани мұра. Сондықтан оның шығармаларын құрметтеп, насихаттау — әрбіріміздің міндетіміз.
Ұлттық мәдениетімізді ұлықтайтын тағылымы мол сабақ болды.
Оқушылар Динаның күйлерін орындады: «Тойбастар», «Сегізінші март», «Науысқы», «Әсем қоңыр»