АХУ имени А. Селезнёва

Тәрбие жұмысы

 Училищенің тәрбие жұмысының мақсаты білім алушыларда мәдениет және өнер саласында өзін-өзі табысты жүзеге асыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін әлеуметтік маңызды және кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

 А. Селезнев ат. Алматы хореографиялық училищесінде шығармашылық тұлғаны қалыптастыру 2011-2020 жылдарға арналған білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің кешенді бағдарламасына, нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес тұтас педагогикалық жүйе шеңберінде іске асырылады: « А. Селезнева Алматы хореографиялық училищесінің тәрбие жұмысының тұжырымдамасы», «Училищеде тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы ереже», «Училищенің ішкі тәртіп ережелері»  және т. б.

 Училище Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының әлеуметтік бағдарламаларына және ел тарихындағы айтулы оқиғаларға орайластырылған ұлттық мәдени-білім беру жобаларына белсенді қатысады, олардың ішінде: Қазақ хандығының 550 жылдығы, Қазақстан Халықтары Ассамблеясының 20 жылдығы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы», Нұр-Сұлтан қаласының  20 жылдығы.

 «Рухани жаңғыру», «Мәңгілік Ел», «Ұлы даланың жеті қыры» ұлтты рухани жаңғырту бағдарламасы және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы аясында директордың тәрбие бойынша орынбасары Толғанай Қожабайқызы Жұмаділованың жетекшілігімен училищенің кураторлары мен тәрбиешілері балет әртістерінің болашақ ұрпағын патриоттық және рухани-адамгершілік тәрбиелеуге үлкен көңіл бөледі.

 Тәрбие бөлімінің жоспарлы жұмысына жыл сайын күнтізбелік және айтулы күндерге арналған іс-шаралар өткізу кіреді: Білім күні, Қазақстан халықтарының Тілдері күні, ҚР Тұңғыш Президенті күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күні, Алғыс айту күні, Наурыз мейрамы, Жеңіс Күні, саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздері күні, Балаларды қорғау күні, олар дәстүрге айналды.

 Студенттер жетім балалар мен көп балалы отбасыларды қолдау мақсатында «Аман келешек» фестивалі аясында қайырымдылық акцияларына қатысады, балалар үйлері мен қарттар үйлерінде қайырымдылық концерттерін өткізеді. 2019 жылы Жастар жылы аясында училище жанындағы студенттік кеңес Алматы қаласының шығармашылық оқу орындарының студенттік ұжымдарымен шығармашылық тақырыптық кештер, дөңгелек үстелдер өткізді.

Училищенің тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес жыл сайын Алматы қаласы мен Алматы облысының тарихи және көркем жерлеріне («Медеу» мұз айдыны, Түрген сарқырамасы, Үлкен Алматы көлі және т.б.) экскурсиялар өткізіледі.