АХУ имени А. Селезнёва

Жаңалықтар

Жаңалықтар

2024 жылдың 2 наурызында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Александр Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде «Өнер саласы оқу орындарында жалпы білім беру пәндерін оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинары болып өтті. 

 

Семинарға Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, мектеп-интернат, колледжы, О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжы, А.Жұбанов атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық қазақ мамандандырылған музыкалық мектеп- интернаты, К.Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған Республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты және Ж.Елебеков атындағы Республикалық эстрадалық-цирк колледжы оқытушылары қатысты. 

 

Семинар барысында баяндамалар тыңдалып, училищенің жалпы білім беру пәндері бойынша кіріктірілген сабақтар көрсетілді.