Құжаттарды қабылдау: 25 маусымнан 20 шілдеге дейін;
Қабылдау емтихандары: 21-28 шілде.
email: talapker@seleznev.edu.kz
Құжаттар тізімі
"Балет әртісі" біліктілігі
- баланың жалпы білім беретін мекемеде оқуы туралы анықтама (баланың тегін, атын және әкесінің атын (соңғысы-бар болса), құжаттарды тапсыру сәтінде бала оқитын жалпы білім беретін мекеменің атауы мен мекенжайын, өзі оқитын сыныбын көрсете отырып);
- белгіленген үлгідегі үлгерім табелі (1, 2, 3, 4 сыныптар) (оқу орнында расталған көшірмесі);
- туу туралы куәліктің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
- 3х4 көлеміндегі 4 фотосурет;
- денсаулық паспорты № 026-у нысаны (көшірмесі);
- №63 нысандағы егу картасы (көшірмесі);
- медициналық карта (№075-У нысаны),
- ЭКГ және жүрек УДЗ, АІЖ УДЗ (оның ішінде бүйрек);
- ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері;
- ата-аналардың флюорографиясы;
- фото және бейнетүсірілімге келісім (5-қосымша);
- дербес деректерді өңдеуге келісім (6-қосымша).
Қосымша қабылдау комиссиясы сұратуы мүмкін:
- отбасы құрамы туралы анықтама;
- ата-анасының жұмыс орнынан анықтама.